ҚМА аумақтық департаменттері халықтың барлық санаттары арасында қаржылық қауіпсіздікті арттыру бойынша профилактикалық ақпараттық жұмысты жалғастыруда

ҚМА аумақтық департаменттері халықтың барлық санаттары арасында қаржылық қауіпсіздікті арттыру бойынша профилактикалық ақпараттық жұмысты жалғастыруда

Ұлытау облысы бойынша ҚМА департаментінің қызметкерлері Жезқазған және Сәтбаев қалаларының жоғары сынып оқушыларына арналған дәрістерді  өңірдің білім басқармасымен бірлесіп  өткізді.

Жастармен осындай кездесулер барысында Экономикалық тергеу қызметінің тәжірибелі қызметкерлері өздерін қаржылық пирамидалармен, жастардың ойынға тәуелділігімен (лудомания) байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау шаралары туралы айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының ел азаматтарының құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында Агенттік Оқұ-ағарту министрлігінің қолдауымен 5-11 сынып оқушыларына оқу жоспарының вариативті компонентіне "бизнес және кәсіпкерлік негіздері" және "қаржылық сауаттылық" екі компонентін қамтитын "жаһандық құзыреттілік" курсын енгізді.

@afm_rk

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі