Ағымдағы жылдың 14 қазанында қаржылық қауіпсіздік бойынша II Халықаралық Олимпиада аяқталды. Шара қаржылық қауіпсіздікті өмір сүру нормасы ретінде насихаттауға, сондай – ақ жастардың бойына «Жеке адамның қауіпсіздігінен - мемлекет қауіпсіздігіне дейін» деген жаңа ой қалыптастыруға бағытталған.
Жарыс қатарынан екінші рет өткізіледі. 2022 жылы іріктеу кезеңіне ТМД және БРИКС елдерінен 40 мыңға жуық оқушылар мен студенттер қатысты, олардың ішінен 500-ге жуығы финалға шықты.
Жарыстың финалы 10-14 қазан аралығында Ресей Федерациясының Сочи қаласында өтті.
Қазақстан Республикасының атынан еліміздің 8 жетекші жоғары оқу орнынан 10 студент пен магистрант қатысты. Қатысушылар Қаржылық мониторинг агенттігі мен "Тұран" университеті бірлесіп, 3 кезеңде өткізген іріктеу жарыстарының қорытындысы бойынша іріктелді. Бұл сынға 430-дан астам студент қатысты.
Ақырғы тапсырмалардың қорытындысы бойынша "Ақпараттық қауіпсіздік" бағытында Astana IT University 3 курс студенті Аманжол Ерасыл Сәбитұлы жүлделі орынға ие болды.
Сондай-ақ, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранты Альбина Асқарқызы Асқарова "Графус" ойын платформасының көмегімен қаржылық тергеуді жүргізуден жарысқа белсенді қатысқаны үшін грамота мен жүлделі орын алды.
Сонымен қатар, «Dota-2» стратегиялық компьютерлік ойыны бойынша турнир өтті, онда «Назарбаев Университетінің» Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің 1 курс студенті - Шоланов Тамерлан Айтбайұлы командалық құрамда 2 орын алды.
Іс-шара барысында Олимпиада финалистері үшін семинарлар, шеберлік сыныптары, панельдік пікірталастар, экскурсиялар, сондай-ақ шақырылған сарапшылармен және әлеуетті жұмыс берушілермен кездесулер ұйымдастырылды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі