Қазақстандық делегация Париж қаласында ФАТФ Пленарлық отырысына қатысуда

Қазақстандық делегация Париж қаласында ФАТФ Пленарлық отырысына қатысуда

Парижде 2020 жылғы 16-21 ақпан аралығында Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу жөніндегі тобының (ФАТФ) Пленарлық отырысы, сондай-ақ ФАТФ жұмыс топтарының отырыстары өтуде. Аталған іс-шараға әлемнің 205 мемлекеті мен юрисдикциялары, сонымен қатар ХВҚ, БҰҰ, Дүниежүзілік банкі және басқа ұйымдардан 800-ден астам өкілдері қатысады.

ФАТФ пленарлық отырысына Қазақстан делегациясы құрамында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Әбдімұтәліпұлы Лесбеков қатысуда.

ФАТФ Пленарлық аптасы қылмыс пен терроризмді жандандыратын ақшаны іздеу бойынша жаһандық іс-қимылдарға арналған.

Корея мен Біріккен Араб Әмірліктерінің ақшаны жылыстатумен және терроризмді қаржыландырумен қарсы (АЖ/ТҚҚ) күресте қолданған шараларын бағалау мәселелері қарастырылатын болады.

Сонымен қоса, Иран мен Пәкістандағы АЖ/ТҚҚ жүйесінің даму барысы, ДАИШ, Аль-Каида және оған қатысты террористік ұйымдарды қаржыландырудағы өзгерістер талқыланады.

ФАТФ пленарлық аптасында Қаржы мониторингі комитетінің өкілдері Қазақстан Республикасы құрамына кіретін Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) Консультативтік жиналысына қатысты. ЕАТ-тың Қазақстанның АЖ/ТҚҚ жүйесін өзара бағалауға дайындау процесінде техникалық көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Қаржы мониторингі комитетінің Төрағасы атынан Ресей Федерациясының Федералды қаржылық бақылау қызметінің өкілдеріне Қазақстанның қадағалау органдары мен қаржы мониторингі субъектілеріне арналған электрондық курс жасауға көмек бергені үшін алғыс хаттар тапсырылды.

 

Анықтама:

ФАТФ – АЖ/ТҚҚ саласындағы негізгі халықаралық институт 1989 жылы G7 мемлекет басшылары мен үкімет басшыларының бастамасымен құрылған. Топ ақшаны жылыстатудың тәсілдері мен тенденцияларын қарастыруға, ұлттық және халықаралық деңгейде шараларды қарастыруға жауап береді. 2012 жылы жаңартылған ФАТФ Ұсыныстары - Ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық стандарттары қабылданды.

 ЕАТ – ФАТФ типіндегі аймақтық құрылымы болып табылады. Халықаралық терроризм қаупін төмендетуде және аймақ мемлекеттерінің қаржы жүйесінің ашықтығын, сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде маңызды орынға ие.