10 қазанда Қаржылық қауіпсіздік бойынша II Халықаралық олимпиада аясында (Сириус федералдық аумағы, Ресей Федерациясы) 8 елден (Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан) келген банктердің комплаенс-қызметтері арасында конкурс өтті

Конкурс олимпиадаға қатысушылар үшін ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында үздік қаржылық талдауға арналған мастер-класс форматында және профильдік тәуекелдің үздік үлгісінде өткізілді.
 
Қазақстан Республикасынан конкурсқа "Jusan Bank" АҚ бас комплаенс-бақылаушысы А.Мукашева қатысты, оның конкурстық кейсі дауыс беру қорытындысы бойынша үздіктердің бірі болып танылып, финалдық кезеңге шықты.
 
Конкурстың финалы 21-25 қараша аралығында Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) жоспарланған қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық Топтың (ЕАТ) 37-ші пленарлық апталығы шеңберінде өтеді.

@afm_rk

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі