Үш апта бойы ЕАТ және Люксембург елдерінің сарапшылары 20-ға жуық мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдардың, жеке сектордың және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өткізді.
Көшпелі миссия Қазақстан Республикасын өзара бағалаудың негізгі кезеңі болып табылады.
Қазақстанның КЖ / ТҚҚ жүйесін бағалау қорытындылары 2023 жылғы мамырда ЕАТ пленарлық отырысында шығарылатын болады және Қазақстан Республикасына КЖ/ТҚҚ ұлттық жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін көрсетуге мүмкіндік береді.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі