
Браконьерлердің құрбандары көбінесе қорғалатын және сирек кездесетін жануарлар түрлері, оның ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына кіретін жануарлар. Сүтқоректілердің арасында ақбөкендерді, дала тасбақаларын және аюларды ерекше атап өту керек. Өйткені, олардың туындылары Шығыс Азияның дәстүрлі халық медицинасында дәрілік препараттарды дайындау кезінде белсенді қолданылады. Құстардың арасында - араб әлемі елдерінде ителгі және ақсұңқар тұрақты түрде жоғары сұранысқа ие . Қызметтік-іздестіру иттері бар кинологтардың біліктілігін арттыру Қазақстандағы контрабандаға және браконьерлікке қарсы күресте маңызды буын болып табылады.
2020 жылғы 10 ақпанда Қазақстанда браконьерлікпен күрес аясында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Кинологиялық орталығы базасында Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының (ҚБСА) бастамасымен «Дериваттарды іздеу» бағдарламасы бойынша қызметтік иттермен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің офицер-кинологтарына арналған бастапқы даярлаудың төрт айлық ведомствоаралық курсының ашылуы өтті.
Бұл курс Қазақстан Республикасынан ақбөкен мүйіздерін, тасбақалар мен құстарды заңсыз әкетудің жолын кесу бөлігінде құқық қорғау қызметін күшейтуге көмектеседі деген үміттеміз.