
ҚР Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Е.Жамаубаевтың бұйрығына сәйкес ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына Дәулет Ертайұлы Ақылбеков тағайындалды.
Дәулет Ертайұлының заңгерлік білімі бар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ұлттық қауіпсіздік магистрі.
ҚР құқық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі 20 жылдан астам уақытты құрайды.
Осыған дейін Дәулет Ертайұлы Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.