Шымкентте 10 мыңға жуық жалған доллар мен есірткі өткізуші ұсталды

Шымкентте 10 мыңға жуық жалған доллар мен есірткі өткізуші ұсталды

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде "мефедрон" синтетикалық психотроптық есірткісін сату және 9300 АҚШ доллары сомасындағы жалған ақша қаражатын өткізу фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады.

Күдіктіге қатысты "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сот үкімімен ұсталған азамат кінәлі деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

@afm_rk 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі