Қостанайда парамен ұсталған банкроттық басқарушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Қостанайда парамен ұсталған банкроттық басқарушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті қомпанияның банкроттық басқарушысы, коммерциялық ұйымның бас директоры мен құрылтайшысынан борышкерлер тізіміне енгізу үшін 100 млн теңге, ірі көлемде ақша бопсалағанын анықтады.

Күдікті ЖШС бас директоры мен құрылтайшысынан келісілген соманың жартысын, яғни 50 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды.

Аталған азамат қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

@afm_rk 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі