ҚМА Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті заңсыз «Покер» ойынын ұйымдастыру фактісін анықтады

ҚМА Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті заңсыз «Покер» ойынын ұйымдастыру фактісін анықтады

Елорда тұрғыны заңсыз материалдық пайда табу мақсатында тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінен заңсыз ойын мекемесін ашып, қолма-қол ақшаға фишкаларды сату және алу арқылы құмар ойынын өткізген.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл азамат 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

2022 жылдың 7 айында ҚМА 82 ойын мекемесінің, оның ішінде 4 астыртын казиноның қызметін тоқтатты. Ойын автоматтары, терминалдар, покер үстелдері, рулетка үстелдері, компьютерлер, ұялы телефондар сияқты 3 мыңға жуық зат, сондай-ақ 5 млн теңгеден астам сомаға қаражат түріндегі айғақтар тәркіленді.

Құрметті азаматтар!
Сіздің үйіңізде немесе ауданыңызда орналасқан заңсыз ойын мекемелері туралы ақпарат болса, Агенттіктің және аумақтық департаменттердің сенім телефондарына тәулік бойы хабарлауыңызды сұраймыз.

@afm_rk

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі