ҚР ҚМА Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

ҚР ҚМА Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

2022 жылғы 27-тамызда Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, оның барысында келесі мәселелер қаралды:

Бірінші:

Қоғамдық кеңес мемлекеттік орган ұсынған НҚА қарады.

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 және «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы нормативтік-құқықтық актіні қарады, мақұлдады және қабылдауға ұсынды.

Осы актіні қабылдау ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі бойынша мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыруға және сәйкесінше жақсартуға мүмкіндік береді.

Бұдан әрі Қоғамдық кеңес қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бірнеше НҚА қарады.

Қоғамдық кеңес ҚР ҚМА әзірленіп, ұсынылған Нормативтік-құқықтық актілердің ерекше маңыздылығын атап өтті.

ФАТФ ұсынымдарына сәйкес Қазақстан Республикасы мен кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ арасындағы өзара бағалаудың алдағы екінші рауынды аясында НҚА деректерінің өзектілігі ерекше аталып өтілді.

 

ҚР ҚМА әзірлеген және Қоғамдық кеңес қабылдауға ұсынған маңызды құжаттардың бірі – заңды тұлғаның және заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру үшін мәліметтер мен құжаттарды ұсыну тәртібін реттеу ережесі. Бұл құжат қаражатты шетелге шығарудың заңсыз әрекеттерін бақылауды жүзеге асыруға, түпкілікті бенефициарларды заңсыз кірістер мен қаражатты шығару әрекеттерін анықтаға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Қоғамдық кеңес кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл мақсатында бақылау мәселелері бойынша НҚА-ға өзгерістер мен толықтыруларды қарады және қабылдауға ұсынды:

  • Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің цифрлық активтерді шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін бірлескен бұйрығына.
  • Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасы және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушылар үшін бірлескен бұйрығына.
  • Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасы және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің Нотариустар үшін бірлескен бұйрығына.
  • Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасы және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының тауар биржасы үшін бірлескен бұйрығына.

Екінші:

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясаты аясында Қоғамдық кеңес бейнеконференцбайланыс форматында өтініштерді қарады. Қарау нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес келесідей шешімдер қабылдады:

  1. «Zat» ЖК Б. Құралбаевтың рейдерлік фактісі бойынша өтініші құқықтық баға беру үшін Алматы қаласының ЭТД-ге жіберілді.
  2. «Абли-Құрылыс» ЖШС-нің «Казаэронавигация» РМК 14 млрд теңге сомасындағы мүлкін ұрлау фактісі бойынша өтініші СДТБТ-ға тіркеу туралы мәселені шешу үшін Алматы қаласының прокуратурасына жіберілді.

Осымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өз жұмысын аяқтады.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі