ҚМА Түркістан облысы бойынша департаментімен жасанды алкоголь өнімдерін шығаратын цехтердің жолы кесілді

ҚМА Түркістан облысы бойынша департаментімен жасанды алкоголь өнімдерін шығаратын цехтердің жолы кесілді

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында бір топ азаматтар Түркістан облысы және Шымкент қаласында орналасқан қойма үй-жайларында жасанды алкоголь өнімін өндіру бойынша 3 жасырын цех жұмыстарын ұйымдастырып, заңсыз өнімді Түркістан облысы аумағында орналасқан сауда орындарына сатқан.

Цехтерде жүргізілген тінту кезінде 5,5 мың дана есепке алу-бақылау маркалары, 5 тоннадан аса құрамында спирті бар сұйықтық, 6,5 мың бөтелке арақ, 24 мыңнан аса заттаңба анықталып, тәркіленді. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді. 

@afm_rk

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі