
«STOP-Обнал» жедел-профилактикалық шараларының аясында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті облыстық прокуратура және ҰҚК Департаментімен бірлесіп, іс жүзінде жұмыстар орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпестен шот-фактура рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.
Тексеру барысында ұйымдасқан топтың басшылары 2018-2020 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының аумағында заңсыз қызметті жүзеге асырғаны анықталды. Ұйымдасқан қылмыстық топқа бағынысты кәсіпорындардың қаржы айналымы 4 млрд. теңгеден артық соманы құраған.
Кәсіпорындардың тіркелу орындары мен фигуранттардың мекен жайларына тінту жүргізу барысында жалған кәсіпорындардың бухгалтерлік құжаттары, мөрлер, компьютерлер мен крипто кілттер, чек кітапшалары, сонымен қоса 9 миллион теңге ақша қаражаты тәркіленіп алынды.
Қазіргі уақытта ұйымдасқан топтың ұйымдастырушылары қамауға алынды, ҚР Қылмыстық Кодекстің 262 бабының 1 бөлігі, 216 баптың 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.