Қаржы мониторингі комитеті Төрағасының орынбасары болып Оспанов Ермек Әшімханұлы тағайындалды

Қаржы мониторингі комитеті Төрағасының орынбасары болып Оспанов Ермек Әшімханұлы тағайындалды

Бүгін ҚР Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Е.Жамаубаевтың №96 ж/қ бұйрығына сәйкес ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына Ермек Әшімханұлы Оспанов тағайындалды.

Ермек Әшімханұлы МВА магистрі ғылыми дәрежесіне ие, ағылшын тілін жетік меңгерген. 

15 жылдан астам уақыт бойы қаржы саласында қызмет етіп келеді. Осыған дейін ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі лауазымында жұмыс жасады.