
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген «STOP ОБНАЛ» жедел алдын-алу іс-шарасы нәтижесінде бірқатар заңды тұлғалардың атынан нақты орындалмаған жұмыс пен жеткізілмеген тауарларға жалған шот-фактуралар жазумен заңсыз айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленді.
Қазіргі уақытта «TerraStyleKAZ» және «АзимутИнвест» ЖШС қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Ұйымдасқан топтың бақылауындағы екі заңды тұлға қызметінің қаржы айналымы 5,7 млрд. теңгені құрады. Салық төлемеуден мемлекетке келген шығын көлемі – 1,7 млрд. теңге.
Аталған қылмыс бойынша мүлкін тәркілей отырып, сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

