Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы екі азаматқа сот үкімі шығарылып, бірін 1000 АЕК, екіншісін 200 АЕК айыппұлға тартты

Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы екі азаматқа сот үкімі шығарылып, бірін 1000 АЕК, екіншісін 200 АЕК  айыппұлға тартты

Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы екі азаматқа сот үкімі шығарылып, бірін 1000 АЕК көлемінде, екіншісін 200 АЕК көлемінде айыппұлға тартты.

Екі ойын орны бойынша заңсыз бизнес ісі ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен тергелді.

Қызылордалық азамат О.Цой заңмен бекітілген аумақтардан тыс жерде ойын мекемесін ашып, лицензиясыз құмар ойындарды ұйымдастыру мақсатында букмекерлік кеңсесінің атынан ғимарат жалға алған және 9 дербес компьютер алып интернет желісіне қосқан. Сот сараптамасының қорытындысы көрсеткендей, желілік блоктарды пайдалану арқылы арнайы бағдарлама қолданып онлайн ойындар сайтына кірген.

Букмекерлік кеңсе орнын аша отырып, қызмет көрсететін персонал ретінде үш адамды осы заңсыз қызметке тартқан.

Екінші азамат Қ.Наурызбаев пәтер жалға алып, «электронды рулетка» ойын құрылғысын орнатқан.  Екі кісіні кассир қызметіне, екі кісіні күзетші ретінде жұмысқа қабылдаған.

Екі ойын орнынан желілік блоктар, телевизорлар, мониторлар, термопринтерлер, ойын рулеткасы, модем және ақшалай қаражат мемлекет пайдасына алынды.

Сотталушыларға тағайындалған айыппұл сомасын төлеуге бір ай мерзім тағайындалды, жалтарған жағдайда айыппұл мәжбүрлі түрде өндірілетін болады.

@afm_rk

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі