Жедел іздестіру шаралары барысында аталған өнімді заңсыз өндірген тұлғалар ұсталып, кәсіпорынның кеңсесі мен өндірістік цехы анықталды. Іздестіру шаралары нәтижесінде әрқайсысының сыйымдылығы 5 литрлік 300-ден астам бөтелке табылып, тәркіленді.
Заңсыз өндірілген және өткізілген контрафактілік «Септохим» маркалы дезинфекциялық заттардан келтірілген материалдық залалдың сомасы 20 млн.теңгеден асады.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
❗️ ҚМА «көлеңкелі» экономиканың үлесін азайту және кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмысты алдағы уақытта да жүргізетін болады.
@afm_rk
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі