Ол 2019 жылы мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысының орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 3 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді.
Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
❗️ Қаржылық мониторинг агенттігі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ақша қаражатын ұрлау фактілерін анықтау бойынша тұрақты жұмысын жалғастыратын болады.
@afm_rk
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі