ҚМА Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті рұқсат беру құжаттарынсыз ойын терминалдарын орнатып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша елорданың екі тұрғынына қатысты қылмыстық істі аяқтады.
Заңсыз айналымнан елорда дүкендерінде орналасқан 800 000 теңге сомасында ақша қаражаты бар 23 ойын терминалы алынды.
Осы ойын терминалдарын орналастырудан заңсыз кіріс сомасы 10 216 000 теңгені құрады.
Күдіктілерге мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.
❗️ Заңсыз ойын бизнесі мақсатында үй-жайлар бергені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы еске саламыз.
Егер сіздің үйіңізде/ауданыңызда орналасқан заңсыз ойын мекемелері туралы ақпарат болса, тексеру және заң бұзушыларға шара қолдану үшін Агенттіктің сенім телефонына хабарлаңыз.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі