Кинологиялық орталықта иттердің іздеу қызметіне дайындығын тестілеу ұйымдастырылды

Кинологиялық орталықта иттердің іздеу қызметіне дайындығын тестілеу ұйымдастырылды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті  Кинологиялық орталығының негізгі міндеттерінің бірі – жоғары сапалы асыл тұқымды және қызмет иттерін өсіру.

            Қызметтік иттердің тұқымдарын өсіру кезінде іздестіру қызметі қабілеттерін қалыптастыру үшін тәрбиенің маңыздылығын бағаламауға болмайды. Қызметтік иттерді тәжірибе жүзінде пайдалану барысында олардың психологиялық және физиологиялық сипаттамалары маңызды. Ал оған  кинолог-маманның ұқыпты көзқарасы мен сүйіспеншілігі тікелей әсер етеді.

            2020 жылғы 15 қаңтарда Кинологиялық орталықта алты айлық күшіктердің іздеу қызметіне жарамдылығы тексерілді

            Тестілеу үш кезеңде өтті: далалық жағдайлар, көлік құралдары, ғимаратта және 100 балл бойынша бағаланды. Комиссия мүшелерінің кәсіби көзқарасынан иттер ойын сынағынан өтіп, мен апортировкалық мінез-құлық (ойнау) реакциясына, апортировкалық затты іздеуге қызығушылығы, іздеу қабілеті және апортировкалық затты иеленуге деген ұмтылысын тексерілді.

            Бұл тестілеудің мақсаты – иттің іздеу қызметке жарамдылығына жалпы баға беру ғана емес, сонымен бірге, олардың әрқайсысының жеке қасиеттерін, күшті және әлсіз жақтарын анықтау.

            Осылайша, кинолог-маман жаттығу әдісінде  әр итке өзінің «жолын» таңдайды, күшіктер Кинологиялық орталықта туылғандықтан, кинолог-мамандарға күшіктер туылғанан бастап бекітіледі.

            Сынақтау нәтижелері бойынша 8 иттің барлығы жоғары нәтижелер көрсетті, олар бұдан әрі Кинологиялық орталықта жемісті және жауапты жұмысқа дайын.

            Біздің иттеріміз үлкен пайда әкелетініне және Отанымыздың игілігі үшін қызмет ететініне шын жүректен сенеміз.