Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлерімен алкоголь өнімдерін жасау және сатумен айналысқан астыртын цех анықталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлерімен алкоголь өнімдерін жасау және сатумен айналысқан астыртын цех анықталды

Күдікті өз үйінде әртүрлі атаудағы алкоголь өнімдерін өндіруді ұйымдастырып, дайын өнімді жалған есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауды, кейіннен Ақтөбе қаласында сатуды ұйымдастырған.

Тінту кезінде жалған акциздік маркалары бар «Qazaq aragy», «Синяя гора» және «Немирофф» дайын алкоголь өнімі, жасанды өнімді буып-түюге арналған құрылғылар табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі