Қарағанды облысында жұмыстарды іс жүзінде орындамай, жалған шот-фактуралар жазып беру бойынша заңсыз әрекеттермен айналысқан ҰҚТ құрықталды

Қарағанды облысында жұмыстарды іс жүзінде орындамай, жалған шот-фактуралар жазып беру бойынша заңсыз әрекеттермен айналысқан ҰҚТ құрықталды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қаржылық мониторинг агенттігі көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл саласындағы жұмысын жалғастыруда.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды ​​облысы бойынша аумақтық департаменті контрагенттер-сатып алушыларды салық төлеуден босату мақсатында жұмыстарды іс жүзінде орындамай, тауарларды жеткізбей жалған шот-фактуралар жазып беру бойынша заңсыз әрекеттермен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі.

2018-2021 жылдар аралығында 7 жалған компанияның қылмыстық әрекетінен жалпы айналым 2 миллиард теңгеден асқаны, соның салдарынан мемлекеттік бюджетке 300 миллион теңгеден астам салық түспегені анықталды.

Күдікті үйқамаққа алынды.

Қылмыстық іс аяқталып, бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды.

 

ҚМА баспасөз қызметі