Ағымдағы жылдың 24 мамырында Бас Прокурордың орынбасары Ұ.С. Байжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасының бірінші орынбасары Ғ. А. Садырбеков бастаған жұмыс тобымен кездесу өтті.

Ағымдағы жылдың 24 мамырында Бас Прокурордың орынбасары Ұ.С. Байжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасының бірінші орынбасары Ғ. А. Садырбеков бастаған жұмыс тобымен  кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты-қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында құқық қорғау органдарының ведомствоаралық өзара іс-қимылын күшейту.

Кеңес шеңберінде трансұлттық құрамдас бөлігі бар қылмыстық схемаларды айқындау, қадағалау және анықтау мәселелері қаралды.

Әңгіме барысында қылмыстық қызметтен түскен кірістерді қайтаруды жүзеге асыру бойынша құзыретті органдардың әлеуетін күшейту бойынша қабылданған шаралар атап өтілді.

Осы жұмыс шеңберінде Бас прокуратура қылмыстық табыстарды шетелде іздеу, тыйым салу және тәркілеу бойынша сұрау салулардың алгоритмдерін, әдістемелерін және үлгілерін дайындады. "Эгмонт" қорғалған желісі бойынша активтерді іздеубойынша Агенттіктің құралын пайдаланутиімділігі атап өтілді.

Ақпараттық технологиялар мен жаһандану ауқымының қарқынды дамуын ескере отырып, жыл сайын қаржылық қылмыстардың жаңа формалары пайда болады, оларға қарсы күрес жаңа білім мен дағдыларды қажет етеді.

Қатысушылар Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы желісі бойынша оқыту семинарларын өткізудің маңыздылығын бірауыздан атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ынтымақтастықты жедел деңгейде одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.