Қаржылық мониторинг агенттігі зияткерлік меншікті қорғау, контрафактілік өнімдермен және цифрлық ортадағы қарақшылықпен күресу мәселелері бойынша вебинарға қатысты

Қаржылық мониторинг агенттігі зияткерлік меншікті қорғау, контрафактілік өнімдермен және цифрлық ортадағы қарақшылықпен күресу мәселелері бойынша вебинарға қатысты

Іс-шараны Қазақстанның құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен шетелдік сарапшылар үшін Әділет министрлігімен ұйымдастырылды.

ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып ақпарат берді.

Ол 2021 жылы және ағымдағы жылдың 4 айында ҚМА тауар таңбасын заңсыз пайдалану және авторлық құқықты бұзу фактілері бойынша 15 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркегенін, келтірілген залалдың жалпы сомасы 2 миллиард теңгеден асқанын айтты.

Вебинар нәтижесінде кездесуге қатысушылар тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыс пен ынтымақтастық туралы жоспарларын белгіледі.

ҚМА Баспасөз қызметі