Қаржылық қауіпсіздік бойынша

Қаржылық қауіпсіздік бойынша

Агенттік 2022 жылға арналған алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен іс-шаралар кешенінің (жол картасы) тармақтарын іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдармен бірлесіп, қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл бойынша халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізу көзделген.

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, Алматы қаласы № 143 мектебінің және Тұран университетінің білім алушылары үшін қаржылық сауаттылық, оның ішінде қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл бойынша тақырыптық сағаттар өткізді.

Сонымен қатар, жастардың қаржылық алаяқтық түрлері және қаржылық қауіпсіздік ережелері туралы негізгі түсініктерін қалыптастыру үшін жағдай жасау мақсатында СҚО және Павлодар қаласы бойынша ЭТД қызметкерлері 25 сәуір мен 6 мамыр аралығында орта мектеп оқушыларымен, колледж және университет студенттерімен оффлайн және онлайн форматта сабақтар өткізді. (М. Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан университеті, Солтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп, Солтүстік Қазақстан облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған колледжі, Павлодар қ. №11, 17, 21, 43 ЖОББМ, Павлодар химия-механикалық колледжі және ақпараттық технологиялар және бизнес колледжі). Сабақ барысында оқушыларға алаяқтық түрлері туралы буклеттер табыс етілді, сондай-ақ қаржылық алаяқтық жағдайларына байланысты оның теріс салдарын болдырмау жөніндегі іс-қимыл алгоритмін талқылай отырып, ситуациялық міндеттер талқыланды.

Сонымен қатар, агенттік ҚР Білім және ғылым министрлігіне орта білім беру мекемелерінде "қаржылық қауіпсіздік негіздері"сияқты жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған сабақтарды енгізу мүмкіндігін қарастыру жөнінде хат жолдады.

Алдағы уақытта аталған іс-шараларды республиканың басқа облыстарындағы мектептерде де өткізу жоспарланып отыр.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі