ҚР Тәуелсіздік күніне орай Қаржы мониторингі комитетінің салтанатты іс-шарасы

ҚР Тәуелсіздік күніне орай Қаржы мониторингі комитетінің салтанатты іс-шарасы

2019 жылғы 13 желтоқсанда Қаржы мониторингі комитетінің Төрағасы Ә.Б. Сқақовтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.  

Әбілқайыр Сқақов атап өткендей, «Тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміз экономикалық әрі саяси салада бірқатар маңызды жетістіктерге жетті. Бүгінде Қазақстан бар әлемге танымал мемлекет, жаһандық мәселелер шешілетін әлемдік алаңға айналған. Еліміздің қарқынды экономикалық дамуына Қаржы мониторингі комитетінің қызметкерлері өз үлесін қосып келеді».  

Салтанатты іс-шара шеңберінде Комитет қызметкерлеріне кезектен тыс және мерзімінен бұрын біліктілік класстары берілді, грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды.

1 санаттағы кезектен тыс біліктілік санаттары табысталды:

  • Мүслімов Д.Е. – Тергеу департаментінің 3 тергеу басқармасының басшысы.
  • Қасымов Р.М. – Жедел департаменттің 2 жедел басқармасының басшысы.

Мерзімінен бұрын біліктілік класстары берілді:

1-санат

  • Асанбаев Е.Т. – Жедел ақпаратты талдау басқармасының басшысы.  

2-санат

  • Исмағұлов Н.Н. - Жедел департаменттің 4 жедел басқармасының басшысы.
  • Жанәділов А.Б. - Жедел департаменттің 1 жедел басқармасы басшысының орынбасары.

3-санат

  • Құрбанов М.М. - Жедел департаменттің 4 жедел басқармасының аға жедел уәкілі (анықтаушы).
  • Ақшалов Д.М. – Алдын алу жұмысы және бақылау басқармасының маңызды істер бойынша жедел уәкілі (анықтаушы).

4-санат

  • Балгазин М.Е. - Жедел ақпаратты талдау басқармасының аға жедел уәкілі (анықтаушы).

Одан басқа, қызметтік міндеттерді адал атқарғаны үшін Комитеттің аумақтық Экономикалық тергеу департаменттерінің 43 қызметкеріне кезектен тыс біліктілік класстары тапсырылды. 

ҚР Тәуелсіздік күні шеңберінде келесі қызметкерлер

мемлекеттік марапаттарға ие болды: 

  • Ашенов Р.Е., Тергеу департаментінің 3 тергеу басқармасының маңызды істер бойынша тергеушісі – «Құрмет» Ордені.
  • Қанапин Р.Т., ШҚО бойынша ЭТД Тергеу басқармасының аға тергеушісі – «Ерен еңбегі үшін» медалі.
  • Шагирова С.Т., Жедел ақпаратты талдау басқармасының маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі (анықтаушы) – «Ерен еңбегі үшін» медалі.
  • Сахатов Р.Р., СҚО бойынша ЭТД Жедел басқармасы басшысының орынбасары – ҚР Құрмет грамотасы.

Қылмыстық кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың

Құрмет грамотасымен марапатталды:

  • Ахметов Е.Б. – F2 басқармасының бас сарапшысы.
  • Сыздықова У.К. – F1 басқармасының басшысы.

Адал қызметі және жоғары кәсіби біліктілігі үшін

Комитет Төрағасының Құрмет грамотасы мен алғыс хаттармен марапатталды:

  • Ғаббасов М.Б. - Жедел департаменттің 1 жедел басқармасының маңызды істер бойынша жедел уәкілі (анықтаушы).
  • Жангужиев К.Ж. - Жедел департаменттің 3 жедел басқармасының маңызды істер бойынша жедел уәкілі (анықтаушы).
  • Мухамедханов А.С. – F3 басқармасының бас сарапшысы.
  • Ахметов А.Н. – F6 басқармасының бас сарапшысы.
  • Сүлейменова Л.Д. – F7 басқармасының бас сарапшысы.
  • Амерханов Е.А. - F8 басқармасының бас сарапшысы.
  • Мырзанов К.Б. - F8 басқармасының бас сарапшысы.
  • Жакенова Б.Г. – БАҚ-пен жұмыс жөніндегі басқарманың бас сарапшысы.
  • Джалимбетов А.А. - F1 басқармасының сарапшысы.
  • Оразымбетова К.М. - Персоналмен жұмыс жөніндегі басқарманың бас сарапшысы.

Барлық қызметкерлерді еңбегі сіңген атақтары мен марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Мемлекеттік мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, амандық пен Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін жасампаз бастамалардың іске асуын тілейміз!