
2019 жылғы 11 желтоқсанда Қаржы мониторингі комитетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейіне барды. Мәдени экскурсия ҚР Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды.
ҚР Тұңғыш Президенті музейі 2004 жылғы 28 тамызда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен құрылған. Музейде 126 000 астам экспонат бар, соның ішінде Елбасының жеке кітапханасында 16 000 данадан астам кітап пен басылым, жеке мұрағатта 100 000 жуық құжат сақталған.
Экскурсия барысында Комитет қызметкерлері Елбасының туған жері мен отбасы, мектептегі жылдары жайында сыр шертетін «Атамекен» экспозициямен танысты.
Оған қоса, ҚР Тұңғыш Президентінің жеке заттары, оған берілген кәдесыйлар мен жәдігерлермен, өмірінің әртүрлі кезеңдеріндегі фото және бейнематериалдар топтамасымен, ел тағдыры үшін елеулі шешімдер қабылданған, тарихи маңызы бар қаулылар мен келісімдерге қол қойылған залдармен танысу мүмкіндігіне ие болды.


