Қазақстан ломбардтарының қызметіндегі жаңа кезең жайлы дөңгелек үстел

Қазақстан ломбардтарының қызметіндегі жаңа кезең жайлы дөңгелек үстел

2019 жылғы 5 желтоқсанда Қаржы мониторингі комитетінің өкілдері «Қазақстан ломбардтарының қызметіндегі жаңа кезең: НҚА, болжамдар, қолдануы» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты.

Сонымен қатар, іс-шараға ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Ұлттық Банкі, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан қаржы қызметкерлерінің қауымдастығы» ЗТБ, «Бірінші несиелік бюро» ЖШС, «Қазақстан ломбардтарының Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ мүшелері және ломбардтар қатысты.

Кездесу барысында «Микроқаржы қызметі туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістердің күшіне енуі және ломбард қызметіне қатысушыларға арналған Заңға қатысты нормативтік құқықтық актілер мәселелері талқыланды.