
2019 жылғы 5 желтоқсанда Қаржы мониторингі комитетінің қызметкерлері ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайына барды, мұнда 6000-ға жуық әскери жәдігер жинақталған.
Олардың ішінде – сирек және ерекше құнды тарихи, мәдени ескерткіштер, тарихи құжаттар және оқиғалар, танымал тұлғалардың суреттері, тас дәуірінен бүгінгі күнге дейін қазақ хандарының амунициясы және қару-жарақтары.
Экскурсия «Қазақстанның әскери ісінің тарихы» атриумынан басталып, кезеңдік көрмелер, XX ғасырдың әскери тарихы, XX-XXI ғасырлардағы қару-жарақтар, ҚР Қарулы күштерінің тарихы жайлы бірегей залдарымен танысу арқылы жалғастырылды.
Әрбір залда Комитет қызметкерлері Қазақстанның көне замандағы әскери тарихы, қазақ хандары билеген және Ұлы Отан соғысы кезеңінің, сонымен қоса, әлемнің қазіргі әскери оқиғалары бейнеленген әсерлі кадрлар арқылы тарихқа шолу жасады.



