Құқық қорғау және арнайы органдардың кинолог-мамандары арасында жарылғыш заттарды іздеу бойынша I-ші ведомствоаралық жарыстың қорытындылары

Құқық қорғау және арнайы органдардың кинолог-мамандары арасында жарылғыш заттарды іздеу бойынша I-ші ведомствоаралық жарыстың қорытындылары

Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының ортасында орналасқан. Мұнда көптеген мемлекеттердің, сондай-ақ жекелеген топтар мен ұйымдардың мүдделері қиылысады. Олардың арасында террористік сипаттағы адамдар да аз емес. Әлемде ойға салынған шешімдердің орнына жарылыстар жиі орын алады.

Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап халықаралық терроризмге қарсы күрестің белсенді қатысушысы. Қазақстанның ШЫҰ, ҰҚШҰ, АӨСШК, ЕҚЫҰ және БҰҰ ұйымдары шеңберіндегі ынтымақтастығы аса тиімді.

Терроризмге қарсы іс-қимыл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі және бұл қызметте Қазақстан Республикасының Құқық қорғау және арнайы органдарының дайындалған қызметтік иттерін пайдаланудың маңыздылығы жоғары.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында кәсіби шеберлікті арттыру, жұмыс тәжірибесімен, дағдыларымен алмасу және Қазақстан Республикасының Құқық қорғау және арнайы органдарының кинологиялық қызметтері арасында үздік команданы анықтау мақсатында ҚР ҚМ ҚМК Кинологиялық орталығы РММ (Алматы қ.) бастамасымен 2019 жылғы 27-29 қараша аралығында Құқық қорғау және арнайы органдардың кинолог-мамандары арасында жарылғыш заттарды іздеу бойынша I-ші ведомствоаралық жарыстар өткізілді. Жарысқа ҚМ әскери полициясының, ҰҚК Шекара қызметінің кинологиялық командалары, ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясы және ҚМК Кинологиялық орталығы қатысты.

Төрешілер алқасының мүшесі ретінде Қазақстан Республикасындағы РФ кеден қызметі өкілдігінің қызметкері Виктор Анатольевич Филиппов қатысты.

3 күн бойы кинологтар арасында тартысты жарыс өтті. Кинолог-мамандар әр түрлі тексеру объектілерінде төрт аяқты достарының кәсіби шеберлігін көрсетті.

2019 жылғы 29 қарашада ҚР ҚМ ҚМК Кинологиялық орталғында Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты түрде I Ведомствоаралық жарыстыңжабылу рәсімі өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындардың иегерлері болып келесі қызметкерлер атанды.

Номинациялар бойынша:

«Ғимаратта жарылғыш заттарды іздеу» номинациясы бойынша үздік нәтиже ҚР ҚМ ҚМК кинология орталығы командасының маман-кинологы Смаков Нурбекке тиесілі. Қызметтік іздестіру иті «Флоки».

«Бағынушылық» номинациясы бойынша үздік нәтижені ҚР ҰҚК ШҚ аға нұсқаушысы Шайхулин К. көрсетті. Қызметтік іздестіру иті «Лакла»;.

«Қол жүгінде жарылғыш заттарды іздеу» номинациясы бойынша үздік нәтиже ҚР ҚМ әскери полиция маманы-кинологы Дунбаев Саматқа тиесілі. Қызметтік іздестіру иті «Гайна»;

«Автокөлікте жарылғыш заттарды іздеу» номинациясы бойынша үздік нәтижені ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының маман-кинологы Бажаев Руслан көрсетті. Қызметтік іздестіру иті «Вольта»;

Жеке біріншілікте:

  • · I жүлделі орынды 400-ден 368 балл жинаған КО қызметтік иттерді арнайы дайындау бөлімінің басшысы М. Тлеукеев иеленді, ҚІИ «Нэш». Диплом және кубокпен марапаттау құқығы Алматы қаласы бойынша ДЭР басшысының орынбасары Қайыпберген Талғатқа берілді.
  • · ІI жүлделі орынды 400-ден 346 балл жинаған Түркістан облысы бойынша ЭТД жедел қызметкері Н. Ж. Смаков иеленді, ҚІИ «Флоки». Диплом және кубокпен марапаттау құқығы ҚР ҰҚК ШҚ Кинология қызметінің бастығы Бахтияр Ахметжановқа берілді.
  • · ІІІ жүлделі орынды 400-ден 261 балл жинаған ҚР ҰҚК ШҚ КО аға нұсқаушысы Шайхулин Камиль Габдрахманович иеленді, ҚІИ «Лакла». Диплом және кубокпен марапаттау құқығы РФ кеден қызметінің Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің қызметкері Филиппов Виктор Анатольевичке берілді.

Командалық біріншілікте:

  • · I жүлделі орынды ҚР ҚМ ҚМК Кинология қызметінің командасы иеленді. Дипломмен және кубокпен марапаттау құқығы, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департамент басшысының орынбасары Қайыпберген Талғатқа берілді.
  • · II жүлделі орынды ҚР ҰҚК ШҚ Кинология қызметінің командасы иеленді. Дипломмен және кубокпен марапаттау құқығы, ҚР ҚМ ҚМК Кинологиялық орталығы басшысы Р. Ж. Смаковқа берілді.
  • · ІІІ жүлделі орынды ҚР ҚМ Әскери полиция Кинология қызметінің командасы иеленді. Дипломмен және кубокпен марапаттау құқығы, РФ кеден қызметінің ҚР өкілдігінің қызметкері Филиппов Виктор Анатольевичке берілді.

Ресей Федерациясының Қазақстандағы кеден қызметінің өкілі Виталий Анатольевич Филиппов атап өткендей, «Бұл жарыс ведомстволар арасындағы өзара байланысты нығайтады және болашақта біз бірлескен күш-жігермен халықаралық жарыстарды өткіземіз деген сенімдемін»

«Осындай іс-шаралар тек бір реттік сипатқа емес, тұрақты негізде өткізілетініне шын жүректен сенеміз»,- деп өз сөзінде ҚР ҚМ ҚМК Кинологиялық орталығының басшысы Р. Ж. Смаков атап өтті.