Өңірлік Кинологиялық орталықта «Құқық қорғау және арнайы органдарда ветеринариялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру бойынша екі апталық ведомствоаралық курс өтті

Өңірлік Кинологиялық орталықта «Құқық қорғау және арнайы органдарда ветеринариялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру бойынша екі апталық ведомствоаралық курс өтті

Ветеринарлық мамандардың біліктілігі әрдайым өзекті және үнемі жетілдіруді талап етеді. Кәсіби біліктілік жаңа әдістемелер мен техникалардың енгізілуі нәтижесінде қазіргі қоғамда динамикалық өзгерістерді қалыптастырады.

2019 жылдың 18-29 қараша аралығында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің өңірлік Кинологиялық орталығында «Құқық қорғау және арнайы органдарда ветеринариялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру бойынша екі апталық ведомствоаралық курс ұйымдастырылды.

Оқыту курсының мақсаты - ветеринария саласындағы мамандардың біліктілігін жетілдіру және кәсіби қызметінде олардың мүмкіндіктерін іске асыру.

Аталған іс-шараға ҚР Ұлттық ұланы кинологиялық қызметі, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР Қорғаныс министрлігінің ветеринария мамандары қатысты.

Оқытушылар ретінде ҚазҰАУ-нің акушерлік және хиругия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ветеринария ғылымдарының кандидаты  Орынханов Қанат Аманжолұлы, «Дезинфекция» ЖШС директоры Таймурзин Мұратхан Тайкешұлы шақырылды. Сонымен қатар, Алматы қаласының жетекші ветеринария клиникаларының және диагностикалық зертханаларының ветеринария дәрігерлері қатысты.

Курс барысында оқытудың интерактивті әдістері қолданылды,  ветеринария қызметінде практикалық маңыздылығын көрнекі көрсететін слайдтар мен практикалық сабақтар көрсетілді. Мамандар жедел араласу кезінде стресстік жағдайларды болдырмау және жоюға үлкен мән берді.

Курс қорытындысы бойынша сәтті өткен қатысушыларға сертификаттар берілді.

Мұндай курстар ветеринарлық қызметтің жүргізілетін жұмыстарының тиімділігін арттыруға ықпал етеді,  құқық қорғау және арнайы органдар арасындағы ветеринария саласындағы ынтымақтастықты сапалы жақсартады.

 ҚР ҚМ ҚМК Кинологиялық орталығы