
2019 жылғы 25-29 қарашада Түркменстан елордасында Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Әбілқайыр Сқақов Қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың 31-ші пленарлық отырысына қатысуда.
Сонымен қатар, отырыс Ресей, Қытай, Үндістан, Белорусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан делегациялары және халықаралық ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өтуде.
Өзара бағалау және құқықтық мәселелер, техникалық қолдау көрсету, типологиялар мен терроризмді қаржыландыруға және қылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс топтарының алаңында іс-шараға қатысушылар терроризммен және оны қаржыландырумен күрес саласындағы басым міндеттерді және күштерді біріктіру механизмдерін талқылады.
