Қаржы мониторингі комитетінде «Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында халықаралық стандарттарды іске асыру» тақырыбындағы модульдік оқу курсы аяқталды

Қаржы мониторингі комитетінде «Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында халықаралық стандарттарды іске асыру» тақырыбындағы модульдік оқу курсы аяқталды

Бұл оқу курсы қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық жүйелердің кәсіби мамандарын дайындауға бағытталған.

Бес күндік курсқа Комитет, Бас Прокуратура және ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік ішкі аудит комитетінің мамандары, сонымен қоса, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топқа мүше-мемлекеттердің өкілдері қатысты.

Оку барысында тыңдаушылар ФАТФ ұсыныстарымен, соның ішінде КЖ/ТҚҚ ұлттық саясаты мен оны үйлестіру, КЖ/ТҚҚ саласындағы қадағалау қызметінің және қаржы институттары жұмысының тиімділігі, терроризм мен ЖҚЖҚ таралуын қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерімен танысты.

Оған қоса, халықаралық ынтымақтастық шеңберінде КЖ/ТҚҚ саласында өзара құқықтық көмек көрсету жөніндегі сұрақтар талқыланды.

Қатысушыларға оқу курсы соңында сертификаттар табысталды.