
2019 жылғы 18-22 қараша аралығында ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясында Қаржы мониторингі комитеті Экономикалық тергеу қызметінің криминалистика мамандарына арналған «Компьютерлік-техникалық зерттеулерді жасау» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.
Оқыту барысында курс тыңдаушылары келесі өзекті мәселелер бойынша ақпарат алды:
Сонымен қоса, курс шеңберінде «Заңсыз ойын бизнесі саласында дереккөзді (серверді) анықтау» атты мастер-класс өтті. Мұнда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыны (серверлік жабдықты) анықтау үшін қажетті әрекеттер алгоритмі, әдістер және бағдарламалық өнімдер көрсетілді.
