Қаржы мониторингі комитетінде КЖ/ТҚҚ ұлттық жүйелерінің мамандарына арналған модульдік оқыту курсы өтуде

Қаржы мониторингі комитетінде КЖ/ТҚҚ ұлттық жүйелерінің мамандарына арналған модульдік оқыту курсы өтуде

2019 жылғы 18-22 қарашада Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінде «Кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында халықаралық стандарттарды іске асыру» тақырыбында бейнеконференция байланысы арқылы Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топқа мүше-мемлекеттердің қатысуымен модульдік оқу курсы ұйымдастырылды.

Сонымен қоса, курсқа қатысуға ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Ұлттық банкі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Қазақстанның қаржы қызметкерлерінің қауымдастығының өкілдері және ҚМК қызметкерлері шақырылды. 

Іс-шара әдістерді зерделеу және қатерлерді ұлттық бағалау нәтижелерімен, Ресей Федерациясының ФАТФ өзара бағалау рәсімдерін өту тәжірибесімен танысу мақсатында өткізілуде. 

Курс бағдарламасы келесі тақырыптардан тұрады:

  • КЖ/ТҚҚ ұлттық саясаты және оны үйлестіру;
  • кірістерді жылыстату қатерлерінің ұлттық бағалауын өткізу;
  • құқықтық жүйе және жедел қаржы деректер;
  • бақылау және алдын алу шаралары;
  • терроризмді және ЖЖҚ таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл.

Сондай-ақ, курс шеңберінде «КЖ/ТҚҚ саласында халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру мақсатында тәжірибемен алмасу» дөңгелек үстелі өткізілетін болады.