
Ағымдағы жылғы 17 мамырда отандық жетекші жоғары оқу орындарының түлектерімен кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу мақсатында Astana IT University білім мекемесінің соңғы курс студенттерімен кездесу өткізілді.
Кездесуде Кадр жұмысы департаментінің басшысы Нурлан Кайыржанович Адалиев Агенттіктің мақсаттары мен міндеттері туралы айтып, жұмыстың артықшылықтарын ашып, жұмысқа қабылдау ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Кездесуге университеттің 120-дан астам студенті қатысты. Соңында оқушылар Агенттік өкілдеріне көптеген сұрақтар қойып, өткізілген кездесу үшін алғыстарын білдірді.
Сондай-ақ, Astana IT University деканы PhD Болатжан Арменович Кумалаковпен екіжақты кездесу өтті. Кездесуде студенттердің тағылымдамалары мен практикаларын ұйымдастыру, бірлескен дәрістер мен семинарлар өткізу, сондай-ақ зерттеу жобаларын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Анықтама.
Astana IT University ақпараттық қауіпсіздік, бағдарламалау, көлемді деректерді талдау (Big data) және басқа да салаларда 3 мыңнан астам студент дайындайды. Оқу орнында білім алу 3 жылды құрап, толықтай ағылшын тілінде жүргізіледі.
Өткен жылы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мен Astana IT University арасында ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Меморандумға сәйкес ынтымақтастықтың басты бағыттарының бірі студенттердің тағылымдамалары мен тәжірибелерін ұйымдастыру болып табылады.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі