
2022 жылы 14-мамырда Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында келесі маңызды бағыттар қаралды және айтылды:
бірінші: Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңестің мүшесі, Мәжіліс депутаты М.Б.Раманқұловтың шетелге заңсыз шығарылған капиталды қайтару мәселелері жөніндегі ақпаратын қарады. Бұл мәселе отырыста жан-жақты талқыланды.
Шымкент қаласы бойынша ЭТД басшысының м.а. Д.М.Тұрғанбаев өз сөзінде заңнаманы жетілдіру қажеттігі туралы, оның ішінде капиталды шетелге шығару бойынша заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған қаржы мониторингі органдарының жұмысын жақсарту мақсатында ұсыныстар айтты.
Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Б.М.Мұхамеджан да осы саладағы заңнаманы жетілдіру қажеттігі туралы айтты. Атап айтқанда, жұмысты барынша үйлестіру және Ұлттық банк, Ұлттық банк филиалдары, МКД, ҚМА, прокуратура органдары арасында ақпарат алмасу жолымен.
Заңнаманы жетілдіру жөніндегі мәселелер мен ұсыныстар ҚК төрағасы С.Е.Шунеев, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама мен сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі М.Б.Раманқұлов тарапынан қолдау тапты.
ҚР төрағасы С.Е.Шунеевтің ұсынысы бойынша талқылауға қатысушылар заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеп, енгізеді, олар Қоғамдық кеңестің қарауына ұсынылатын болады.
екінші, Қоғамдық кеңес көшпелі отырыс аясында азаматтарды қабылдады, отырыста азаматтарды қабылдау нәтижелері туралы баяндалды.
Қоғамдық кеңес көшпелі отырыс аясында азаматтарды қабылдау туралы есепті бекітті.
үшінші: Қоғамдық кеңес «2022-2026 жылдарға арналған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласын дамыту тұжырымдамасы» жобасын талқылады.
ҚК төрағасы С.Е.Шунеев аталған Тұжырымдаманың өзектілігін атап өтті және оны қабылдауға ұсынды.
Тұжырымдама жобасы бірауыздан қабылдауға ұсынылды.
ҚР ҚМА желісі бойынша кейбір бірлескен бұйрықтар мен қаулылардың күші жойылды деп тану туралы бұйрық жобалары қаралып, қабылдауға ұсынылды.
Осымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өз жұмысын аяқтады.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі