
Қымбатты әріптестер!
Сіздерді қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл атаулы мереке қаржы саласы қызметкерлерінің мемлекеттің экономикалық әлеуетін дамыту мен нығайтудағы жоғары рөлін ерекше атап өтуге арналған.
Бүгін Қазақстанның қаржы саясаты отандық экономиканы дамытудың қуатты құралы бола отырып, басты әлеуметтік және саяси мәселелерді шешуге ықпал етіп келеді.
Еліміздің қаржы жүйесін дамытуға Қаржы мониторингі комитетінің қызметкерлері ерекше үлес қосуда.
Әрбіріміз жасап жатқан ісіміздің қаншалықты жауапты әрі маңызды екенін түсінеміз. Кәсіби біліктілік, адалдық пен әділдік секілді игі қасиеттердің арқасында Сіздер мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау бойынша жүктелген міндеттерді лайықты атқарып келесіздер.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және кәсіп жолында жоғары жетістіктер тілеймін!
Қаржы мониторингі комитетінің Төрағасы
Ә.Сқақов