
2019 жылғы 15 қарашада ҚР Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінде ҚР Парламенті Сенатының конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы өткізілді.
Сенат депутаттары, ҚР Жоғарғы Сот, ҚР Бас Прокуратурасы, ҚР Қаржы министрлігі, Қаржы мониторингі комитеті (ҚМК) және «Атамекен» ҰКП өкілдері экономикалық құқықбұзушылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылады.
Биыл Қаржы мониторингі комитетінде терең жаңартулар жүргізілді. Атап айтқанда, Комитет құрамына экономикалық тергеу қызметі қосылып, бұрын-соңды болмаған штаттардың қысқартылуы (40%-ға) өткізілді, сонымен қатар ұйымдық құрылым оңтайландырылып, артық басшылық буындар азайтылды. Нәтижесінде ҚМК қаржылық барлау функцияларын орындап, экономикалық қылмыстарды тергейтін әкімшілік-құқық қорғау органы болып қалыптастырылды. Бұл ретте комитеттің қандай да бір бақылау-қадағалау функциялары немесе өздігінше тексерістер өткізу құқықтарының жоқ екенін атап өту маңызды. Қызмет терең сараптамаға, мемлекеттік органдардың ведомствоаралық әрекеттестігін күшейтуге, жұмыс нәтижелерін бағалау критерийлерін өзгертуге бағытталып отыр.
Өткізілген жаңартулар нәтижесінде басты назар көлеңкелік сектор мәселелеріне аударылып отыр. ҚМК ресурстары ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттерін тоқтатуға бағытталған. Биылғы жылдың бірнеше айы ішінде қаржылық айналымы 17,2 млрд теңгені құраған 11 ҰҚТ құрықталды. Соңғы 3 айда ғана 547 заңсыз ойын ұйымы жойылды. Олардың ішінде жалпы айналым сомасы 25 млрд. теңгені құраған 3 ҰҚТ-қа тиесілі заңсыз кәсіпорындарының заңсыз іс-әрекеттері әшкереленді.
Бүгінгі күні ҚМК-нің дамуының орта мерзімдік Жол картасы қабылданды. Аталған жоспарлар аясында жасанды интеллект енгізілген ІТ архитектурасы әзірленбек. Бұл үздіксіз өсіп келе жатқан ақпарат көлемін өңдеу мәселесін шешіп, халықаралық стандарттар талаптарын (ФАТФ) қанағаттандыратын шара болмақ. Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктердің жосықсыз клиенттерін әшкерелейтін қаржы ұйымдарының комплаенс қызметтерімен жүргізіліп жатқан жұмыс белсенді іске асырылып жатыр.
Сараптама жөніне келер болсақ, ҚМК құрылымында 2 арнайы бөлімше құрылғанын атап өту қажет. Бұл макросараптама бөлімшесі (әкімшілік блокқа қарасты) және «Фьюжн-орталық» (экономикалық тергеулер қызметі). Аталған бөлімшелердің жұмыс нәтижелері жыл соңында қорытындыланбақ. Дегенмен, жалпы сомасы 30 млрд. теңге қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан қылмыстық топ сараптамалық жолмен әшкереленгенін атап өту керек. Бұл тереңдетіліп өткізілетін сараптамалық жұмысты енгізудің алғашқы жемістері.
Бүгінгі күні ҚР Бас Прокуратурасы, ҰҚҚ, Ұлттық банкі, Мемлекеттік кірістер комитеті және ҚМК өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылып, жалған қаржылық операциялар мен қаражатты қолма-қол ақшаға заңсыз айналдырудың жолын кесуге бағытталған қосымша, оның ішінде заңнамалық сипаттағы шаралар талқыланып отыр.
Сонымен қатар экономикалық қылмыстарды тергеу және сотта қарастыру практикасы салаларындағы бірқатар маңызды мәселе ҚР Жоғарғы Соты Пренумының жаңа қаулысында өз шешімін табатынына сенім зор.
ҚР Парламент Сенаты комитетінің көшпелі отырысының қорытындысында көлеңкелік экономикаға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсынымдар дайындалды.







