ҚР ҚМ ҚМК Кинологиялық орталығы базасында «Есірткі құралдарын іздеу» бағдарламасы бойынша Экономикалық тергеу департаменттерінің қызметтік-іздестіру иттерімен офицер-кинологтарға арналған біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылып, өткізілді

ҚР ҚМ ҚМК Кинологиялық орталығы базасында «Есірткі құралдарын іздеу» бағдарламасы бойынша Экономикалық тергеу департаменттерінің қызметтік-іздестіру иттерімен офицер-кинологтарға арналған біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылып, өткізілді

2019 жылдың 30 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында ҚР ҚМ ҚМК Кинологиялық орталығы базасында «Есірткі құралдарын іздеу» бағдарламасы бойынша Экономикалық тергеу департаменттерінің қызметтік-іздестіру иттерімен офицер-кинологтарға арналған біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылып, өткізілді.

Аталған курстың мақсаты бұдан бұрын қалыптастырылған білімдерін, дағдыларын бекіту және жетілдіру, сонымен қатар синтетикалық топқа жататын есірткі құралдарының жаңа түрін еңгізу.

Іс-тәжірибе жағынан көмек көрсету мақсатында алғаш рет іс-тәжірибелік сабақтардың басым бөлігі Алматы қаласындағы халықаралық әуежайында, уақытша сақтау қоймаларында, сонымен бірге «Жетісу» кеден бекетінің қызмет аймағында орналасқан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің бақылау учаскелерінде жүргізілді.

Курс соңында офицер-кинологтардан теориялық емтихан қабылданып, сонымен қатар қызметтік-іздестіру иттерінің теміржол вагонында, жүк көліктерінде, ғимарат ішінде және қол жүгінде есірткі құралдарын іздестіру бойынша жұмыс қабілеттері тексерілді. Емтихандарды сәтті тапсырған 4(төрт) офицер-кинологқа салтанатты түрде курсты аяқтағандығы туралы сертификаттар тапсырылды.

Сонымен бірге, «Жетісу» кеден бекетінің және Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу Департаментінің басшылығына іс-тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыру бойынша жан-жақты көмек көрсеткені үшін алғысымызды білдіргіміз келеді.

Осындай ҚР ҚМ ҚМК аймақтық және оқыту бөлімшелері арасындағы ынтымақтастық құқық қорғау блогының бөлімшелері үшін оң үлгі болып табылады деп есептейміз.

Оқудан өткен офицер-кинологтар қызметтік–іздестіру иттерімен алған дағдыларды қолданады және нәтижелері көп күттірмейді деген үміттеміз.