ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетімен мемлекеттің кейбір аумақтарында қаржы мониторингі субъектілерімен бірқатар кездесулер өткізу жоспарланған

ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетімен мемлекеттің кейбір аумақтарында қаржы мониторингі субъектілерімен бірқатар кездесулер өткізу жоспарланған

2019 жылғы 28 қазаннан 19 қарашаға дейінгі аралықта Қостанай, Өскемен, Ақтөбе, Орал, Тара және Шымкент қалаларында қаржы мониторингі субъектілерімен жұмыс кездесулері өткізіледі.

         Кездесулер барысында келесі мәселелер бойынша ақпарат беріледі:

  • «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» қолданыстағы ҚР Заңының нормалары;
  • қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасының баптары;
  • қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларының негізгі талаптары және күдікті операцияны айқындау белгілері;
  • қаржы операциялары туралы мәліметтерді жинақтау жүйесінде және elicense.kz сайтында тіркелудің өзекті мәселелері;
  • кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру бойынша қауіп-қатерлерді бағалау мәселелері.

Қызмет түрлері бойынша қатысушылар:

  1. Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен нотариаттық іс-қимылды жүзеге асыратын нотариустар;
  2. адвокаттар және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар;
  3. тауарлық биржалар
  4. бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлер, аудиторлық ұйымдар, аудиторлық ұйымдар;
  5. ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушылар;
  6. лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
  7. ломбардтар;
  8. бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
  9. жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
  10. банктер;
  11. банкаралық ақша аударымдары жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын қоспағанда, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
  12. ақша аударымы қызметін көрсететін почта операторлары;
  13. микроқаржы ұйымдары;
  14. төлем ұйымдары и және басқа да қаржы мониторингі субъектілері.

 Кездесу кестесі

  • 28 қазанда сағ. 11.00 және 15.00-де – Қостанай қ., Майлина көш., 2
  • 30-31 қазанда сағ. 10.00 және 15.00-де – Ақтөбе қ., 8 Марта көш., 3 «А»
  • 1 қарашада сағ. 11.00 және 15.00-де – Орал қ., Пойменная көш., 2/2
  • 4 қарашада сағ. 10.00 және 15.00-де – Орал қ., Пойменная көш., 2/2
  • 7-8 қарашада сағ. 10.00 және 15.00-де – Тараз қаласы (мекенжайы анықталуда)
  • 11-12 қарашада сағ. 10.00 және 15.00-де – Шымкент қаласы (мекенжайы анықталуда)
  • 18-19 қарашада сағ. 10.00 және 15.00-де – Өскемен қаласы (мекенжайы анықталуда)

Қосымша сұрақтар бойынша келесі нөмірлерге хабарласуға болады:

8 7172 74 97 39, 8 7172 74 97 49, 8 7172 74 92 26.