
2019 жылғы 17 қазанда Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Кеден қызметтері басшылары Кеңесінің құқық қорғау бөлімшелерінің жетекшілері Комитетінің (ҚБЖК) 20-шы отырысы өтті. Оған Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның кеден және өзге де уәкілетті органдарының құқық қорғау бөлімшелерінің жетекшілері мен қызметкерлері қатысты.
Бақылаушылар ретінде Латвия Республикасының Мемлекеттік кірістер қызметі, Польша Республикасының Ұлттық кірістер әкімшілігі, ТМД Атқарушы комитеті мен ТМД аумағында ұйымдасқан қылмыспен және өзге де қауіпті қылмыс түрлерімен күресті үйлестіру жөніндегі Бюроның өкілдері қатысты.
Отырыс барысында халықаралық құқық қорғау бойынша ынтымақтастықты дамыту, ТМД кеңістігінде кеден құқық бұзушылықтарымен күрес саласында жалпы әдіс-тәсілдемелер жасау және бар күш-жігерді үйлестіру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, авиациялық қатынас жолында тауарлардың, есірткінің және басқа да тыйым салынған заттардың заңсыз мүмкін орын ауыстырылуы туралы ақпаратпен алмасуды жетілдіру механизмдері қарастырылды.
Отырыс нәтижесі бойынша тараптар қорытынды шешімдер мен ҚБЖК және оның кеден саласындағы кеден тергеу істері мен экономикалық қылмыспен күрес мәселелері жөніндегі Жұмыс топтарының 2020 жылға арналған жұмыс жоспарларын қабылдады.
Жоғарыда белгіленген уағдаластықтардың іске асырылуы ТМД аумағында құқық қорғау органдарының тиімді талдамалық жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік бере отырып, кеден заңнамасының бұзылуына жол бермеу бойынша тәжірибелік іс-шараларды өткізуге септігін тигізеді.