
Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен жүргізілген жедел іс-шаралар барысында «Louis Vuitton Malletier» тауар белгісін заңсыз қолдана отырып, жол сөмкесін жинайтын цех, қойма және сөмкелерді сату үшін пайдаланылатын үш сауда нүктесі анықталды.
Жедел шаралар нәтижесінде жалған 927 «Louis Vuitton» жол сөмкесі, сондай-ақ контрафактілік тауар жинауға қажетті қосалқы құрылғылар мен жабдықтар анықталып, тәркіленді.
Бүгінгі таңда аталған факт бойынша, «Д» есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК 222-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық қылық туралы хаттама жасалып, мәні бойынша қарау үшін ҚР ҚПК 528-бабына сәйкес, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының қарауына қылмыстық іс жолданған болатын.
