ҚМА болашақ кадрлар өзегін қалыптастыру және жаңарту бойынша жұмысты жалғастыруда

ҚМА болашақ кадрлар өзегін қалыптастыру және жаңарту бойынша жұмысты жалғастыруда

Оқу жылының аяқталуы қарсаңында еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектерімен ауқымды шаралар өтуде.

Бүгін, 2022 жылғы 13 мамыр күні М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЗУ Университетінің студенттерімен кездесу өтті. Агенттіктің қызметі туралы тергеу департаментінің басшысы Саят Махметұлы Саукомбеков айтып берді.
Сонымен қатар, ашылған қылмыстық істер бойынша кейстер талқыланып, студенттердің сұрақтарына жауаптар түсіндірілді.
Сонымен қатар, оқу-әдістемелік орталық құқығында қызметкерлерді дамыту басқармасының басшысы Лейла Саятқызы Молдахметова студенттерді агенттік өткізіп жатқан талантты жастарды іріктеу жұмысымен таныстырды.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі