Отан қорғаушылар күніне орай қаржылық мониторинг органдарының ардагерлерінің Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің болашақ қызметкерлерімен кездесуі өтті

Отан қорғаушылар күніне орай қаржылық мониторинг органдарының ардагерлерінің Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің болашақ қызметкерлерімен кездесуі өтті

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің 60 студенті 6 айлық бастапқы кәсіби оқудан өтуде. Оқуды бітіргеннен кейін аталған тындаушылар Агенттіктің қызметіне қабылданады.

Осы жылдың 6 мамырында Академия қабырғасында болашақ ұрпақ-қызметкерлердің сұрақтарына жауап беру және оларға тәжірибе беру мақсатында ардагерлермен және қазіргі қызметкерлермен кездесу өтті.

Кездесуге Женсенбаев Қайрат Сейсенбайұлы («Экономикалық тергеу қызметі ардагерлер кеңесінің» төрағасының орынбасары), Данабеков Төлебаей Елемесұлы («Экономикалық тергеу қызметі ардагерлер кеңесі» Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы), Әбілдин Таңжарқын Хаурулин («Экономикалық тергеу қызметі ардагерлер кеңесі» төрағасының орынбасары), Ахметов Мейрамхан Мауытханұлы («Экономикалық тергеу қызметі ардагерлер кеңесінің» ардагері), сондай-ақ Сартаев Сұлтан Дастанұлы (Агенттіктің 1-ші тергеу басқармасы басшысының орынбасары) және Оразбеков Шоқан Сансызбайұлы  (Кадр жұмысы басқармасының бас сарапшысы) қатысты.  

Кездесу барысында Экономикалық тергеу қызметінің ардагерлері қатысушылармен өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, потенциалды тергеушілер мен жедел уәкілдерге ақыл-кеңестерін айтып, ақ жол тіледі. Сонымен, Женсенбаев Қ.С. жаңа технологиялар дәуірінде қызметкерлерге үнемі білім алып, олардың интеллектуалдық қылмыстармен күресетінін ескеріп, үнемі жетілдірудін керек екенін атап өтті. Өз кезегінде Әбілдин Т.Ж. үміткерлердің Агенттік қатарындағы қызметі жай жұмыс емес екенін, өмірлік кәсіп екенін нақты түсінуі қажет ететінін атап өтті.

Соңында жиналған тыңдаушылар ардагерлерге сауалдарын қойып, кездесуге алғыстарын білдірді.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі