
Ағымдағы жылдың қыркүйегінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын өткізді. Олардың қорытындысы бойынша контрафактілік "ARIEL" кір жуғыш ұнтақтары, сонымен қоса осы өнімді өндіруге қажетті құралдар мен дайындамалар табылып, қолданыстан шығарылды.
Қызметкерлердің тиімді және жедел шараларының арқасында қолдан жасалған, азаматтардың өмірі үшін қауіпті өнімдердің өндірісіне тоқтау қойылып, бірегей "ARIEL" кір жуғыш ұнтақтарының өндірушісі - "The Procter & Gamble Company" компаниясының құқығы қалпына келтірілді.
Өз кезегінде, "The Procter & Gamble Company" компаниясы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетіне, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне сапалы әрі уақтылы әрекет еткені, сонымен қатар зияткерлік меншікке құқықты қалпына келтіру бойынша нәтижелі жұмысы үшін шынайы алғыс білдіреді.