
Бүгін Халықаралық қарттар күніне орай көп жылдық адал еңбегі және еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қорғауға қосқан зор үлесі үшін ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті төрағасының Құрмет грамотасымен республиканың 16 өңірінде 70-те және одан асқан 50-ден астам ардагерге табысталды. "Қаржы полициясы органдарының ардагерлері ұйымы" ҚБ өзара іс-қимыл негізінде жеке облыстарда ардагерлерге құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтарды табыстаумен іс-шаралар ұйымдастырылды.
Осы мерейлі мерекеде қаржы полициясының барша ардагерлеріне еңбегі мен жас ұрпаққа ұласқан баға жетпес тәжірибе үшін шынайы алғыс білдіреміз.
Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

