«20 мейірлі жұмыс-MeirliKyzmet»

«20 мейірлі жұмыс-MeirliKyzmet»

Дәстүрлі мейірлі көмек пен әлеуметтік қолдауды жалғастыра отырып, «20 мейірлі жұмыс-MeirliKyzmet» акциясы аясында ММ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті Кинологиялық орталығының қызметкерлері ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде Кузнецов отбасына барды. Кинологиялық орталығының ұжымымен аталған мүгедектер отбасына ақшалай қаражат пен азық-түліктер жиналды. Кузнецов отбасы тұрақты материалдық көмек пен көңілге үлкен алғысын білдірді.

Көпбалалы, аз қамтамасыз етілген отбасылар, бұл әртүрлі себептерге байланысты қиын өмірлік жағдайларға душар болған адамдар, алайда, өміріндегі уақытша қиындықтарға қарамастан, олар үміттерін үзбей, өмірілік жолында тұңілмей ғұмыр кешеді.

Мейірлі көмек – бұл адамдармен жиналған материалдық құндылықтар емес, бірінші кезекте адамдардың өздерінің мәдениеті екендігін түсіну маңызды. Мейірлі мақсаттар үшін қанша бергендігіңіз маңызды емес, маңыздысы адами мейірлі қарым-қатынастардың мәнін түсіну.