Жалпы республикалық "Стоп - Обнал" жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде ауқымды жұмыстар атқарылды

Жалпы республикалық "Стоп - Обнал" жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде ауқымды жұмыстар атқарылды

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жалпы республикалық "Стоп - Обнал" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында, қандай да бір қызмет атқармайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің есеп шоты арқылы екінші деңгейлі банкттерден қаражатты заңсыз қолма-қолға аударуға қарсы тұру жұмыстары кешенді түрде жүргізілуде.

Іс-шара аясында, ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу Департаменті, ҚР Ұлттық банкі және екінші деңгейлі банк өкілдерімен бірлесе қаражаттарды қолма-қолға аударуды төмендету бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел барысында, тараптар қаражаттарды қолма қолға аударуды және капиталдарды шығаруға қарсы жұмыстарды белсендету туралы сұрақтарды қарастырды.

Дөңгелек үстел нәтижесі бойынша екінші деңгейлі банкттермен күмәнді қаржы операцияларына, яғни қаражатты қолма қолға аудары,заңды тұлғалармен қаражатты шетелге жіберу бойынша қарсы жұмыстарды бірлесе атқару туралы шешім қабылданды.