
Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы Павлодар сигнализация және байланыс дистанциясының басшысы С.И. Түсіповтың билікті асыра пайдалану әрекеті және мемлекет қаржысын жымқыру фактісін анықтады.
Тергеу барысында С.И.Түсіпов азаматтар С.М.Иманбек және Т.М.Сарсембинов 2016 жылғы наурыздан 2021 жылғы қаңтарға дейінгі кезеңде өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Павлодар магистральдық желі филиалы» Павлодар сигнализация және байланыс дистанциясы қызметкерлерінен жүйелі түрде заңсыз ақша өндіріп алуды жүзеге асырған.
Сонымен қатар, Түсіпов С.И. алаяқтық жолымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қаражатын жымқырған.
Павлодар қаласының №2 соты азаматтар С.И.Түсіпов, С.М.Иманбек және Т.М. Сарсембиновты кінәлі деп танып, әртүрлі жаза түрлеріне соттады.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі